Артқа
Артқа

Табыс шегінің болжамды өсуі МӘМС жарнасын аударатын қызметкерлердің 91%-ына әсер етпейді

2024 жылғы 24 қаңтарда «Ашық НҚА» порталында жария талқылау үшін

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жоба жарияланды. Ол МӘМС аударымдарын есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табыстың жоғарғы шегін 2025 жылдан бастап 10 ең төменгі жалақыдан 50 ең төменгі жалақыға дейін арттыруды көздейді.

Бұл ұсыныс халықаралық тәжірибені ескере отырып әрі МӘМС жүйесін ары қарай жетілдіру мақсатында әзірленді. ӘМСҚ сарапшылары есептегендей, өзгеріс қабылданған жағдайда, қазіргі уақытта ай сайынғы табысы 850 мың теңгеден асатын жалдамалы қызметкерлердің тек 9%-ына ғана әсер етеді (2025 жылы 10 ең төменгі жалақы мөлшеріне тең болады). Яғни, шекті жоғарылату төлеушілердің 91%-ына әсер етпейді.

Сонымен қатар бұл қадам медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға, оның сапасын жақсартуға ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің ортақ жауапкершілігі қағидатын сақтауға мүмкіндік береді.

Жобаны талқылау 2024 жылдың 7 ақпанына дейін жалғасады.

26.01.2024
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ТОП ВОПРОСОВ В ФСМС ЗА 2024 ГОД
2024 ЖЫЛЫ ҚОРҒА ЖИІ ҚОЙЫЛҒАН СҰРАҚТАР
Мәртебесі барлар қатарынан шығып қалу, тегін дәрі-дәрмек беру және медициналық көмек алу кезіндегі пациенттердің құқығы… Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында былтыр қазақстандықтардың қандай сұрақтарды жиі қойғанын айтып берді.
12.03.2025
КТО ЗАЩИЩАЕТ ПРАВА ПАЦИЕНТОВ В ПОЛИКЛИНИКЕ?
ЕМХАНАДА ПАЦИЕНТТЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН КІМ ҚОРҒАЙДЫ?
Кейде пациенттер дәрігер кабинетінен немесе қабылдаудан соң мәселенің байыбына жету үшін бірден Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына хабарласады. Олардың басым бөлігі емхана немесе ауруханада жұмыс істейтін Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметіне (ПҚІСҚ) сұрақтарын қойып, көмек ала алатындарын білмейді.
06.03.2025
ФСМС РК И ГОСАГЕНТСТВО ПО ОМС АЗЕРБАЙДЖАНА ПОДПИСАЛИ МЕМОРАНДУМ О СОТРУДНИЧЕСТВЕ
ҚР ӘМСҚ МЕН ӘЗЕРБАЙЖАННЫҢ ММС ЖӨНІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК АГЕНТТІГІ ӘРІПТЕСТІК ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
3 наурызда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің Әзербайжанға ресми сапары барысында Қазақстан Республикасының Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен Әзербайжан Республикасының Міндетті медициналық сақтандыру жөніндегі мемлекеттік агенттігі арасында әріптестік туралы меморандумға қол қойылды.
04.03.2025
Барлығын көру
Подать обращение МӘМС калькуляторы Іздеу